Қымбатты достар! Сапалы білім беру жоғары стандарттардан басталады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы әрбір мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» аккредиттеуінен өту арқылы өз деңгейін растай алады. Біз – толықтай орта білім беретін ұйымдарды бағалауға бағытталған алғашқы аккредиттеу ұйымымыз. NIS мектептері CIS халықаралық аккредиттеуінен бірнеше рет сәтті өтіп, өз деңгейін сан мәрте растады, ал сарапшыларымыз дүниежүзі бойынша оқу орындарын бағалауға қатысты. Және біз жиған тәжірибемізбен бөлісіп, қазақстандық мектептерге жаңа сапа деңгейіне шығу үшін көмектесуге дайынбыз.
kk
公開
6ヶ月前
サンプル
音声サンプルはまだありません
