Сәлеметсіз бе! Менің атым — Мадиева Мариям Джамбайқызы. Мен
— 2017 жылы Алматы қаласындағы орта медициналық колледжді тәмамдадым. Араға екі жыл үзіліс жасап, 2019 жылы Аскар Токпанов ауылының емханасына аймақтық мейірбике болып жұмысқа орналастым.
— 2024 жылы жоғары бакалаврлық білімімді аяқтадым. Қазіргі таңда өз білімім мен тәжірибемді ұштастыра отырып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп келемін.
— Менің негізгі міндеттерім — науқастардың денсаулығын бақылау, алғашқы медициналық көмек көрсету, дәрігер тағайындаған ем-домдарды орындау және профилактикалық жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар, науқастарға рецепт жазып беріп, дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдау тәртібін түсіндіремін.
— Қабылдау уақытынан тыс кезде көше аралап, көктемгі халық санағын және тұрғындарды тіркеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл тұрғындардың денсаулық жағдайын бақылауға және медициналық көмекті уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.
— Өз жұмысымды жауапкершілікпен атқарып, әр науқасқа сапалы медициналық көмек көрсетуге тырысамын.
Мен өз жұмысымда жауапкершілікпен қараймын. Науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ем-домдарды орындаймын. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдау тәртібін түсіндіріп, профилактикалық жұмыстар жүргіземін. Бұл олардың денсаулығына бақылау жасауға және уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.