Құрметті ұстаздар, білім саласының қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың, татулық пен мейірімнің мерекесі. Бұл күн – табиғатпен бірге адамзаттың да жаңарып, жаңа үміт пен жарқын болашаққа қадам басатын ерекше кезеңі. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз – ел болашағының берік негізі. Осы айтулы мереке әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ әкелсін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.